$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 22:28
Оқиғалар

Кардиоорталық қоймасынан мерзімі өтсе де қолданылып келген ота жасау құралдары табылды

Павлодар қаласының кардиоорталығында ота жасау кезінде бір реттік құралдар қайта қолданылған

Кардиоорталық қоймасынан мерзімі өтсе де қолданылып келген ота жасау құралдары табылды

Павлодардағы кардиоорталық пациенттері ұзақ уақыт В және С гепатиттерін жұқтырып келуі мүмкін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ота жасау кезінде бір реттік құралдар қайта қолданылғанын білген соң, осындай қорытындыға келді деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Мекеменің қызметкерлері шағым түсірген соң ғимаратты түгел тінтіп шыққан жемқорлықпен күрес мамандары кардиоорталық жертөлесінен бір мәрте ғана қолданылуы тиіс скальпель, стилет, қан алуға арналған түтікшелер, катетер мен түрлі ине сақталған қойманы тауыпты. Қойма толы медициналық заттардың мерзімі өтіп қана қоймай, көпшілігінің бірнеше мәрте қолданылғаны белгілі болды. Қазір бұл жайтты полиция мен прокуратура тексеруге кірісті. Оның қортындысы бойынша жүрегіне ота жасатамын деп келіп, қауіпті инфекция жұқтырған пациенттердің де нақты саны белгілі болмақ.

 «Тексеріс қортындысы бойынша бір мәрте қолданылуы тиіс құралдың қайта қолданылғаны, мерзімі өткен медициналық заттардың сатып алынғаны және қолданылып келгені анықталып отыр. Әзірге екі пациент В және С гепатитін жұқтыруы мүмкін деп жорамалдап отырмыз. Яғни, ота жасатқан соң жағдайы нашарлаған пациенттердің тізімін жіті тексеріп шығу керек»,- деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ардақ Күзеков.

Серіктес жаңалықтары