Қостанай облысында жол апатынан 3 адам қаза болды
Жол апаты салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі, 23 жастағы әйел және 1 жасар бала оқиға орнында қаза тапты
Қостанай облысында 3 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арқалық - Торғай автожолының 48-шақырымында Lada Granta маркалы автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан», - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі, 23 жастағы әйел және 1 жасар бала оқиға орнында қаза тапты, тағы төрт жолаушы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.
«Әсіресе ауа райы қолайсыз және мұзтайғақ кезінде жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді полиция қызметкерлері.