14.03.2021, 01:53
Оқиғалар
Алматыда жедел жәрдем көлігі таксимен соқтығысты
Жол апатынан 1986 жылғы жүргізуші зардап шекті
Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«13 наурызда Hyundai H-350 жедел жәрдем көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Жамбыл көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Ол Жамбыл көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Ravon маркалы автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл автомобилінің 1986 жылғы жүргізушісі зардап шекті. Оны оқиға болған жерде дәрігерлер қарап, үйіне жіберді», - делінген хабарламада.
Оқиғаны Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек