ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Ақмола облысында екі мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

Оқу орнының басшысы бұл жайында полицияға хабарлап айтқан

 

Фото: Павон

Ақмола облысында колледж басшысы жалған дипломы бар педагогтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының колледжінде жалған дипломы бар 2 оқытушы сабақ беріп келген. 10 наурызда оқу орнының басшысы бұл ақпаратты полицияға хабарлап айтқан.

«Полиция қызметкерлері облысқа қарасты ауылдардың бірінің 48 және 49 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар колледжде Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін білім бөліміне жоғары білім туралы жалған диплом ұсынған», - делінген хабарламада.

Педагогтарға 385-баптың 3-бөлігі – «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Олар өз кінәсін мойындады. Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істегені анықталды.