Талдықорғанда жеке үйлердің бірінен ересек адамдардың денесі табылды

ТЖД мамандары үйден ес-түссіз жатқан екі баланы алып шықты

Талдықорғандағы жекеменшік үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар ес-түсінен айырылған екі бала ауруханаға жөнелтілді.

Оқыс жағдай түскі уақыттар шамасында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы болжамына сай, отбасы мүшелері ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалған.

«Департаментке Абай көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына мамандар дереу жетіп, үйден сондай-ақ, ес-түссіз жатқан екі баланы алып шықты. Олар 13 және 8 жастағы балалар. Қазір осы оқиға бойынша сараптама жұмыстарын бастадық», - деді Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан АХАШОВ.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.