$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2021, 12:19
Оқиғалар

Павлодарда көлікке қасақана өрт қойған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Павлодарда көлікке қасақана өрт қойған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Павлодарда көлікке қасақана өрт қойған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Күдікті ер адам өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

2020 жылдың 9 қарашасына қараған түні 43 жастағы павлодарлық танысына тиесілі 1999 жылғы Nissan Cefiro маркалы көлікті қызғаныштан өртеп жіберген.

Үкім шығару кезінде сот өрт қойған адамның кінәсін толық мойындауын және кішкентай балалары бар екенін ескерді.

«Жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Жәбірленушінің 1 млн 107 мың 597 теңге сомасындағы азаматтық талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылсын», - деді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әнуарбек Оспанов.

Сотталушы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар етпей, оқу орнын, тұрғылықты жерін, жұмысын өзгерте алмайды. Оған алкоголь ішуге байланысты барларға, дәмханаларға, мейрамханаларға, ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда бас бостандығын шектеу нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары