ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды

Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмаған 8 баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен

 
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмаған 8 баланың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен. Іздеу салынған балалардың бәрі де аман-есен табылды.

Жақында полиция қызметкердері Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінің жатақханасынан жоғалып кеткен 16 жасар қызды тапты. 9 наурыз күні полиция бөліміне жатақхана вахтері хабарласып, колледж оқушысысының сыртқа шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.

Полицейлер қыздың достары мен курстастарынан сұрастырды, сондай-ақ, жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция нарядтарына берілді.

«Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция жоғалған қызды Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында тапты. Қазіргі уақытта студент оқу орнының кураторына табысталды», - делінген ПД хабарламасында.

Ақтөбе облысында еріктілерді дереу хабардар ету және олардың әрі қарайғы жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе жинақталған. Атап айтқанда, еріктілер қозғалысымен тығыз қарым-қатынас бірнеше минут ішінде көптеген еріктілерді хабардар етуге мүмкіндік береді.