ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Ақмола облысында екі адамға пышақ жарақатын салған жүргізуші ұсталды

Жолдың тар бөлігінде жүргізушілердің ешқайсысы бір-біріне жол бергісі келмеген

 

Ақмолалық полицейлер басқа жүргізуші мен оның жолаушысына пышақ жарақатын салған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ауыл тұрғынына пышақ жарақатын салған күдікті – Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғынын полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады.

«Оқиға 9 наурызға қараған түні Гранитный кентінің маңындағы автожолда болған. Жолдың тар бөлігінде жүргізушілердің ешқайсысы бір-біріне жол бергісі келмеген. Екі жүргізуші мен жолаушылар арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласып, пышақ жарақатымен аяқталды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша 106-баптың 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды.