ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

Шымкентте алаяқтардан сақтануды үйрететін алаяқ анықталды

Ол жергілікті тұрғынның 1 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте алаяқтардан сақтануды үйрететін алаяқ анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурызда Шымкент қаласы Полиция департаментінің «102» телефонына жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны арызданып, қаладағы сауда орталығында жүргенде белгісіз біреу ұялы телефонына хабарласқанын айтқан. Белгісіз адам банктің қауіпсіздік қызметінде жұмыс жасайтынын айтып, бүгінде алаяқтар жеке мәліметтеріңізді бұзып, оның атыңыздан несие рәсімдеп жатқанын ескерткен.

Сондай-ақ жақын жердегі банкоматқа барып, рәсімделген бір миллион теңге несиені шешіп, бір миллион теңге ақшаны басқа есепшотқа аударып, сол соманы алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Тәртіп сақшыларының жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталды. Тексеру амалдары жүрізілуде.