10.03.2021, 12:52
Оқиғалар
Жолаушылар болмаған: Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзды
Нәтижесінде үш автокөлік зардап шекті
10 наурызда Ақтөбе қаласындағы 312 атқыштар дивизиясы мен К.Нокин даңғылының қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.
«JAC» маркалы автобус жүргізушісі (жолаушыларсыз) реттелетін қиылыстан өту ережелерін бұзып, (бағдаршамның қызыл сигналына өтіп) «Toyota Fortuner» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Осы кезде «Toyota Fortuner» автокөлігі бағытын өзгертіп, «Ваз-21074» маркалы автокөліке соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Toyota Fortuner» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және автобусжүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды