$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2021, 09:40
Оқиғалар

Павлодарда жолда апатты жағдай туғызған жылқы үшін бақташы жазаланды

Айыпталушы айыппұл төлейтін болды

Павлодарда жолда апатты жағдай туғызған жылқы үшін бақташы жазаланды

Павлодар облысына қарасты Тереңкөл ауданында жол үстінде қараусыз жүрген жылқы үшін бақташыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Үй жануарлары көлік қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, далада иесіз жүрген малға қатысты іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. 

«Тереңкөл ауданының полициясына Ивановка ауылы маңындағы «Тереңкөл-Михайловка» автожолының 20 шақырымында жылқы табыны, бақташысыз және қараусыз жүргені  туралы қоңырау түсті. Учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жаяубаевтың ұйымдасқан жедел әрекеті барысында табыншы лезде анықталды. Мал иесі мен табыншының арасында келісім бар екені белгілі болды  және бұл күні табыншы жылқыны бағуға тиіс болған, алайда, жануарларды қараусыз қалдырған. Жылқылар жолға шығып, тәуліктің қараңғы уақытында жолда төтенше жағдай туғызды, осылайша жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төнді»- деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов. 

Полиция немқұрайлы бақташыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  408-бабының 1-бөлімі және  615-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Айыпталушы айыппұл төлейтін болады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары