ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Еліміздің автожолдарында қар құрсауында қалған 125 адам құтқарылды

Өткен тәулікте 7 өңірде дауылды ескерту жарияланды 

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында қар құрсауында қалған 125 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ аумақтық бөлімшелері қар құрсауынан 64 бірлік техниканы шығарып, 125 адамды құтқарып, эвакуациялады.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан ж»не Қостанай облыстарында жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, өткен тәулікте 7 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды. 

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесі және 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары.

Батыс Қазақстан облысындағы беккеттерде 253 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 423 адам және 301 бірлік техника жұмылдырылды.