$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2021, 04:30
Оқиғалар

Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды

Ол медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде көз жұмды

Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында көп қабатты үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 14 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыз секіріп кеткен.

«Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары