ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қостанайда полиция қызметкері адам атып өлтірді

Күдікті ұсталып, қамауға алынды

Қостанайда екі ер адам арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды. Күдіктінің полиция қызметкері екені анықталды. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс түнде сағат үш шамасында Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде болған.

«Қостанай облысының Полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен («Кісі өлтіру») 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан. Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция қызметкері екенін растады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тергеу басталды.