$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2021, 00:24
Оқиғалар

Атырауда газдан уланып өлген адамдардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

5 наурызда жеке үйден төрт адамның мәйіті табылған еді

Атырауда газдан уланып өлген адамдардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда 5 наурызда газдан уланып өлген марқұмдардың отбасына материалдық және психиатриялық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Facebook желісіндегі парақшасында Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында газдан уланып қайтыс болған адамдардың отбасына көңіл айтты. 

«Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай болды. Бір үйден қаза болған екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр. Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.  Қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазды облыс әкімі. 

Еске салайық, 5 наурызда Салықов көшесіндегі жеке үйден төрт адамның мәйіті табылған еді.

Серіктес жаңалықтары