ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодар облысында жүкті әйел отырған көлік қар құрсауында қалды

Құтқарушылар әйелді жедел жәрдем бригадасына жеткізді

 

Құтқарушылар әйелд қар құрсауынан алып шығып, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

«6 наурызда сағат 02:00 кезінде Павлодар қаласынан шыққан төтенше жағдайлар коллонасы жол бойында қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлікті тапты. Автокөлікте 1999 жылы туған жүкті әйел болған. Құтқарушылар әйелді эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына жеткізді», - деді департаментте.

Ауа райының нашарлауына және Шідерті-Нұр-Сұлтан тасжолында кептелістің пайда болуына байланысты 2021 жылы 5 наурызда Павлодар қаласынан сағат 22:37-де Екібастұздың Шідерті ауылына ТЖД басшысының орынбасары Алексей Двинянин, Павлодар қаласы жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериазданов және барлық жерде жүре алатын ТРЭКОЛ техникасы жіберілді.