06.03.2021, 05:52
Оқиғалар
Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды
Қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», - деп жазылғант хабарламада.
Алдына ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті