$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2019, 23:35
Оқиғалар

Шымкентте ыстан уланған 3 адам ауруханаға түсті

Қала бойынша 62 азамат Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына жеткізілген

Шымкентте ыстан уланған 3 адам ауруханаға түсті

Шымкентте мерекелік демалыс күндері жедел жәрдем қызметіне жүгінген тұрғындар саны 6 мыңнан асып жығылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Соның ішінде 62 азамат Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Жоғары қысымды оттегімен емдейтін аурухананың бас дәрігері Мәдина Сейфуллақызының мәліметінше, көміртегі тотығымен уланудың орта дәрежесімен 3 науқас таксикология бөлімшесіне жатқызылған.

«Қазір ем алушылардың жағдайы бір қалыпты», - дейді ақ халаттылар.

Ал ыстан уланудың жеңіл дәрежесін алған 59 адамға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Қазір олар туралы тиісті ақпарат емханаларға жолданған. Дегенмен, бір қуантарлығы, улану оқиғасы бойынша қайтыс болғандар жоқ. Ал қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын алу үшін үйлерді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

«Орынбаев атындағы ауруханаға қала тұрғындары алғашқы медициналық көмек алу үшін жүгінген. Сол оқиғалар бойынша өрт сөндіру қызметкерлері мен инспекторлық құрам әрбір үйге барып, тексеру аппараттары арқылы ыс иісінің бар-жоғын анықтады», - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов.

Серіктес жаңалықтары