ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Көлік жүргізушісі жарақат алып, аурухана жеткізілді

скриншот: видео

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қажымұқан көшесінің бойында болған. Оқыс оқиғадан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алған.

Қалалық жедел жәрдем қызметінен хабарланғандай, бас сүйек-ми жарақатын алған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

«Науқастың жағдайы - орташа ауыр. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүк көлігінің жартысына жуық бөлігінің жер астына түсіп кеткенін байқауға болады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы аумақтық құрамы бойынша жіберілді. Мән-жай анықталып жатыр. Әрі қарай, болған оқиғаға құқықтық баға беріледі.