Ақтауда жәндіктерді улағаннан кейін екі адам көз жұмды
Бұдан бөлек алты адам ауруханаға түсті
Ақтауда анасы мен қызы көршісі жәндіктерді улағаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Лада.кз-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ақтау қаласының тұрғыны көршілеріне ескертпестен жәндіктерді жою үшін қолданылатын "Квикфос" препаратымен дезинфекция жасаған. Ал өзі пәтерді зарарсыздандырғаннан кейін үйден шығып кеткен.
«Дезинфекциядан кейін көршілердің денсаулығы нашарлап, көрші пәтерлердің бірінде тұратын анасы мен қызы көз жұмды. Тағы алты адам шұғыл ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Ааталған жайт бойына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ақтау полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Бұл факт Ақтау полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 304-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша тіркелді.