Атырауда жыл басынан бері 81 мас жүргізуші анықталды
Мас жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынады
Атырау қаласында 2021 жыл басталғалы бері мас күйде көлік тізгіндеген 81 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан мас күйінде көлік басқарған 81 жүргізуші анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Мысалы, 24 ақпан күні сағат 16:50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау – Астрахань тасжолының «Аренда» базасы тұсында «Ауди А6» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде аталған автокөліктің 1989 жылғы жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. Медициналық сараптаманың корытындысы арқылы оның жеңіл дәрежедегі мас екені анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыстар жалғасуда.