ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Павлодар облысында боранда жоғалғандарды тікұшақпен іздеп тапты

Қаратерек ауылынан мал іздеуге шыққан екі адам адасып кеткен

 

Іздеу тобының жедел әрекеттерінің арқасында адасқан ер адамдарды үсік шалған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«26 ақпанда 10 сағат 20 минутта «112» пультіне Май ауданында жоғалып кеткен ер адамдарды іздеуге көмек сұраған хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша 25 ақпанда 1972 және 1983 жылдары туған екі адам Қаратерек ауылынан «Жарқын» қыстағына мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен.  Қаратерек ауылында Павлодар облысы ТЖ департаментінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардың күшімен жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүргізілді», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

12 сағат 27 минутта 145 UP-EC020 еурокоптері Май ауданына ұшып шықты. 16 сағат 11 минутта іздеу тобы тікұшақпен шолып ұшу кезінде «Сарымсақты» қыстағынан 7 шақырым жерде жоғалып кеткен тұрғындар табылды.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық тұрғыннан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.