27.02.2021, 21:24
Оқиғалар
Түркістан облысында төрт бала мен бір ересек адамның мәйіті табылды
Мәйіттерді жеке тұрғын үйден көршілері тауып алған
Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйден 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәлиге сілтеме жасап.
«27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйден көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алған. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды