Жол-көлік оқиғасы Павлодар мен Ақтоғай ауылының арасындағы жолда орын алған
Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі апат салдарынан екі адамның қайтыс болғанын растады.
Оқиға орнынан жеті адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Kia-Ria және ВАЗ-2109 маркалы екі автокөлік Ленин-Ертіс – Русская поляна жолында соқтығысқан.
«Қатты соққыдан ВАЗ-2109 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал алдында отырған жолаушы ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Оқиға орнынан Ақтоғай аудандық ауруханасына дәрігерлер қаза тапқан адамдарды есептемегенде 8 адамды алып кеткен», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.
Ал 2 ай бұрын бұл іс бойынша сот нефролог-дәрігерді жазықсыз деп тапқан еді
Бәйтерек ауданы аумағындағы вахталық қалашықта бүгін таңғы сағат 05.46-да 13 вагон отқа оранған
№15 мектеп-гимназияның оқушыларға арналған әжетханасы далада орналасқандықтан, онда мұғалімдер арнайы кесте бойынша кезекшілік етуге міндеттелген екен
Жақында «Азаттық рухы» порталы пойызда күйіп қалған балаға көмек көрсетпеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат жариялаған еді
Сегіз сағат тергеуде болған азамат желіде тарап кеткен ақпараттан кейін жақындарын сендіре алмай жүр екен