ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Ақмолада жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алмақ болған тұрғын алданып қалды

Танысы оның 165 мың теңге ақшасын алған соң уәдесін орындамай қойған

 

Ақмола облысында жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алмақ болған азаматты алаяқтар алдап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Целиноград ауданы Ақмола ауылының 25 жастағы тұрғыны бұрын таныс адамынан жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған. Алайда танысы оның 165 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алып кетіп қайтармаған. Алдан азамат полицияға арызданған», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің мекенжайын анықтады, ол кінәсін мойындады.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізеді, соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Полиция жүргізуші куәлігін заңды түрде алудың жалғыз жолы – жүргізуші мектебінде оқып, содан кейін емтихан тапсыру екенін еске салады.