ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Арыс қаласында оқушылар арасындағы әскери байқау жаппай төбелеспен аяқталды

Шараны ұйымдастырушылар жауапқа тартылды

Түркістан облысы Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталды деп хабарлады КТК телеарнасы. Жеткіншектер әділ қазының шешіміне келіспей, қырқық пышақ болған.

Сайысты салтанатты түрде қортындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар бір-бірімен жаға жыртысты. «Қой» деген жатқан мұғалімдерді тыңдаған бала жоқ. Ашуға булыққандарды әупірімдеп жүріп сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасыпты. Абырой болғанда айтарлықтай жарақат алғандар жоқ. Соған қарамастан полицейлер оқушыларды тергеп жатыр. Ал, карантин талабын бұзғаны үшін аталған шараны ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

«Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық жәйтіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән жайы анықталуда», - деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.