$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 17:37
Оқиғалар

Қарағанды облысында боран салдарынан жедел жәрдем дәрігерлері мен науқастар жолда қалған

Олар 5 сағаттан кейін құтқарылды

Қарағанды облысында боран салдарынан жедел жәрдем дәрігерлері мен науқастар жолда қалған

25 ақпанда Қарағанды облысында «Алматы – Екатеринбур» автожолының 953 шақырымында Қызыл қой ауылына жақын маңда жедел жәрдем көліктері қар құрсауында қалып қойған. Олар Шет ауданынан Қарағанды қаласындағы ауруханаға бармақ болып жолға шыққан деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Нөлдік көріну және 27 градус аяз кезінде оқиға орнына Қарағанды облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының «Ақсу-Аюлы» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жіберілді.

Санавиацияның екі реанимобильінде 3 медицина қызметкері, 2 жүргізуші және екі науқас: жіті инфаркт алған ер адам және босануға дайындалып жатқан жүкті әйел болған.

«Сонымен бірге ТЖ орнына аумақтық ТЖ департаментінің барлық жерде жүретін көлігі шақырылды. Автожолдың қар басып қалуына байланысты дәрігерлер мен науқастарды Трэкольмен Қарағандыға көшіру туралы шешім қабылданды. Тоқтап қалған реанимобильдердің жүргізушілері трассалық пунктке жылыту үшін эвакуацияланды», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Медициналық көмекке мұқтаж науқастар дер кезінде емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары