$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 10:45
Оқиғалар

Қызылордада газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды

Оқиға 24 ақпанда таңғы сағат 6 шамасында болған

Қызылордада газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада газ құю станциясынан тапанша мен үшкір заттың көмегімен ақша мен талондарды алып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те қала орталығында орналасқан газ құю бекеттерінің бірінде бетіне бетперде киген белгісіз азамат тапаншаны және үшкір затты пайдалану арқылы қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон және талондарды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 104 мың теңге.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қызметкерлері тез арада күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары