$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 05:18
Оқиғалар

Түркістан облысында қыз ұзату тойына жиналғандар таратылды

Той иесі әкімшілік жауапқа тартылды

Түркістан облысында қыз ұзату тойына жиналғандар таратылды

Түркістан облысы Отырар аудандық полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Отырар ауданының полицейлері Қоғам ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 30-ға жуық туысын жинап, қыз ұзату тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен, мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша хаттама толтырылып СЭББ-ға жолданды», - делінген хабарламада.

Түркістан облысы полицейлері COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай, карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

 
Серіктес жаңалықтары