Ақсуда 600 келі ферроқорытпа өнімін ұрлаған жұмысшы ұсталды

Ұсталған азамат 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды

Ақсуда 600 келі ферроқорытпа өнімін ұрлаған жұмысшы ұсталды

Жалпы салмағы 600 кг асатын ферроқорытпа өнімін ұрлағаны үшін көлік полицейлері Ақсу-1 теміржол ұйымының қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері станция аумағында 31 жастағы азаматтың басқаруындағы «Ауди-С 100» маркалы автокөлігін тоқтатты.

«Тексеру барысында ұсталған азаматтың Ақсу-1 станциясының ВЧД-16 жұмысшысы екені анықталды. Көлік полицейлері автомашинаның салонынан 18 полипропилен қапшығына салынған ферроқорытпа өнімін тауып, тәркіледі. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 639,7 кг, ал құны 361 231 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай жүйесіне тіркелді.

Павлодар қаласының № 2 қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен аталған азамат қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп танылып, ол мерзімі 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.