ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Елордалық тұрғын несие төлемес үшін көлігін «ұрлатқан»

Қылмысты ұйымдастырушы мен орындаушылар ұсталды

 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны несие төлемеу үшін көлігін ұрлатқан, деп жазады kolesa.kz.

102 нөміріне хабарласқан 53 жастағы ер адам өзіне тиесілі Toyota RAV 4-тің ұрланғанын айтады. Оның сөзінше, өткен жылы несиеге алған көлігін Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының жанынан біреулер айдап кеткен.

«Полицейлер тексеру барысында зардап шеккен азаматтың қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол бұл әрекетке сақтандыру ақшасын алып, несие төлемеу үшін барыпты. Арам ойын іске асыру үшін екі танысын көмекке шақырады, әлгілер машинаны Алматы облысына жеткізіп, сатып жіберген. Көлікті кімнің алғаны әзірше белгісіз», - делінген хабарламада.

Қазір үш адам ұсталып, кінәсін мойындады. Көлік иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.