ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ақтөбе облысында екі айда 7 бала жол апатынан зардап шеккен

Жыл басынан бері өңірде балаларға қатысты 6 жол-көлік апаты болған

Фото: iStock

Ақтөбе облысында жыл басынан бері балаларға қатысты 6 жол-көлік апаты болған, сондай-ақ,  7 бала жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апаттың негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін саналы түрде ескермеуінен, жалпы тәртіптің төмендігінен болып жатады.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларының туындау себептерінің алдын алуға және олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге бағытталған қызмет.

«Балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың едәуір өскеніне қарамастан, көптеген жүргізушілер мен ата-аналар кәмелетке толмағандарды тасымалдау ережелерін бұзуды жалғастыруда. Апат кезінде арнайы орындыққа отырғызылмаған немесе арнайы белбеуді бекітпеген балалар ауыр жарақат алады, оны статистика растайды», - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларға әркімнің өз қауіпсіздігі өз қолында екенін еске салады.