$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2021, 20:07
Оқиғалар

Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді

Баспананы жергілікті кәсіпкерлер сатып әперген

Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін жергілікті билік бес баласынан айырылып қалған отбасына көмек көрсетуін жалғастырып жатыр. Бүгін демеушілер есебінен оларға 3 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды», - делінген аталған хабарламада.

3 бөлмелі пәтер Жаңатас қаласынан сатып алынды. Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар, демеушілер 3 млн теңгеден астам қаржы жинап, материалдық көмек көрсеткен.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Серіктес жаңалықтары