$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2021, 21:54
Оқиғалар

Елордада егде жастағы әйел үш баланы соққыға жыққан

Оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған

 

Елордада егде жастағы әйел, аулада ойнап жүрген үш баланы ұрып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ересек адам балаларды бірінен соң бірін соққыға жыққаны видеода анық көрінген. Олардың әжейдің әрекетіне тосырқап қалғандары да байқалады.

Құқық қорғау органдарына таяқ жеген баланың анасы арызданыпты. Қалалық полиция департаменті 63 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Келеңсіздікке әжейдің өз немересі мен басқа балалардың арасындағы төбелес себеп болғанын айтты.

«Қазірде бұл әйел азаматпен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша әйел адамға қатысты шешім қабылданатын болады». – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі эльмира ШАУЛЕНОВА.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыз соққыға жыққан тұрғын тәртіп сақшыларына «Өзімді ұстай алмадым» деп түсіндірген. Қария 6 жастағы немересін ауладағы үлкен балалардың ұрғанын білгенде ашуын тежей алмағанын айтқан. Енді оған қандай жаза болатыны белгісіз. Полиция арнайы сараптамадан соң, шешім қабылданады деді.

Серіктес жаңалықтары