ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

Қостанай облысында есірткіні іш киіміне жасырған ер адам ұсталды

Күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қабылданды

Қостанай облысында есірткі сатушы героинді ішкі киіміне жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпан айының ортасында Жітіқаралық полицейлер есірткі сатумен айналысатын 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді  ұстады. 

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды. Ер кісі ішкі киімінде героиннің 17 фольга байламын жасырған. 

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуы бойынша, жергілікті уақытша ұстау изоляторында орналасқан наркодилерлер есірткіні сатып қана қойған жоқ, сонымен қатар әйелдің жүктілігіне қарамастан, өздері де есірткіні қолданған. 

Аудандық сотпен күдіктілерге қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы қабылданды.