ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр

Оқиға 21 ақпанда болған

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адам жатыр деп хабарлады өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы. Олардың бірі хал үстінде.

«Облыстың көпбейінді ауруханасына аталған жарылыстан зардап шеккен 12 адам келіп түсті. Олардың бірі – 24 жастағы ер адам қайтыс болды. 20 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр. Алты адам үйіне жіберілді. Қалғандары ауруханада ем қабылдап жатыр. Тағы бір 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр. 1997 жылғы екі ер адам жансақтау бөлімінде», - деді Басқарма қызметкерлері.

Еске салайық, Петропавлдағы көпқабатты үйде болған жарылыстан екі адам қайтыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша, үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде газ баллоны жарылып, тұрғын үй ғимараты өртенген. 120 адам эвакуацияланды.