ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

БҚО-да полициядан қашпақ болған Lexus омбы қарға түсіп кетті

Автокөлік салонынан 25 қап балық табылды

https://youtu.be/6a1HKn2V068

Батыс Қазақстан облысындағы тас жолдардың бірінде полициядан қашқан Lexus автокөлігінің қалың қарға тығылғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды деп жазады «Мой Город».

Видеоны оқиға куәгерлері түсіріп алған. Облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының талабын орындаудан бас тартқан. Артынша мүлдем қашып кетпек болыпты.

«Алайда, Орал – Атырау тас жолында, Үлкен Шаған ауылына жақын маңда полицейлер оның жолын бөгеп тоқтатты. Көлік жүргізушісі жолды айналып өтпек болғанда омбы қарға тығылып қалды. Артынша белгілі болғаны, ол өз көлігіне ешқандай құжатсыз 25 қап балық артып алған екен», - деді Белгібеков.

Тегтер: