19.02.2021, 10:46
Оқиғалар
Fly Arystan ұшағы Алматы әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды
Жолаушылардың ешқайсы зардап шеккен жоқ
Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуе компанияның баспасөз қызметі ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты.
«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан - Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Әуе компаниясындағылар ұшақтың Алматы әуежайына қауіпсіз қонғанын атап өтті. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
