ШҚО-да 16 жастағы қыз үйінен қашып кеткен
Анасы кәмелетке толмаған қызының неге кетіп қалғанынан бейхабар

11 ақпан күні сағат 11: 00-де Алтай қаласының 35 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, 16 жастағы қызының үйден таңертең сағат 9-дар шамасында кетіп, әлі оралмағанын айтқан, деп жазады «Алтайньюс».
Анасы кәмелетке толмаған қызының қайда және неге кетіп қалғанынан бейхабар.
Алтай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу «Дабыл» командасы бойынша көтерілді.
«Іздестіру шаралары барысында қолайсыз отбасылар, притон ұстайтын үйлер, сондай-ақ педофильдер, нашақорлар, маскүнемдер, бұрын сотталғандар санатындағы адамдар тексерілді. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің шатырларын, жертөлелерін және қараусыз қалған ғимараттарды қарап шықты. Нәтижесінде бір сағаттың ішінде кәмелетке толмаған қыз табылып, үйіне оралды», -деді ШҚО ПБ бастығы Сағат Мадиев.
Өз кезегінде, анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.