$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2021, 01:23
Оқиғалар

Жезқазғанда ер адамнан 2 кг-нан астам есірткі тәркіленді

45 жастағы ер адам теміржол вокзалының перронында ұсталды

Жезқазғанда ер адамнан 2 кг-нан астам есірткі тәркіленді

Көлік полицейлері Сәтбаев тұрғынынан 2 кг-нан астам есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазған станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жезқазған қаласы теміржол вокзалының перронынан 45 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталған адамның сөмкесінен ерекше иісі бар, қою жасыл түсті белгісіз өсімдік заты толтырылған, көлемі 5 литрлік пластмасса бөтелке табылып, тәркіленді.

«Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 кг 435 грамм болатын, аса ірі мөлшердегі «марихуана» есірткі заты болып шықты», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Серіктес жаңалықтары