Алаяқтығы үшін іздеуде жүрген ақтөбелік тұрғын Ресейде ұсталды
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Алаяқтық үшін іздестіріліп жатқан Ақтөбе тұрғыны Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін 2018 жылдан бері іздеуде жүрген Ақтөбе қаласының тұрғынын Ресей Федерациясының аумағынан ұстады. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған С. есімді азамат Алматы қаласында ұсталды. Ұсталған азамат бірқатар ірі алаяқтық жасаған және онлайн үкім жарияланғаннан кейін жасырынып қалған.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген он қылмыскерді ұстады, олардың 4-уіне өткен жылдары іздеу жарияланған.