$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2021, 11:50
Оқиғалар

ШҚО-да шұғыл түрде қонған ұшақтың командирі жағдайды түсіндірді

Ол автожолда ешқандай көлік болмағанын көрген

ШҚО-да шұғыл түрде қонған ұшақтың командирі жағдайды түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысында санитарлық рейспен ұшып шыққан АН-2 ұшағындағы техникалық ақауға байланысты шұғыл қонуға шешім қабылдаған әуе кемесінің командирі Виталий Горбенко жағдайды түсіндірді.

«Тапсырма бойынша санитарлық рейспен Өскеменнен Зайсанға бет алдық. Әуежайдан 23 шақырым қашықтықта ұшақтың қозғалтқышы істен шығып, шұғыл қонуға шешім қабылдадым. Айналама қарадым, автожолды көрдім. Жолда еш көлік жоқ екен.  Біз сағат 10:57-де қондық, ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді ұшқыш.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында (АКЗ1222) санитарлық рейспен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ мәжбүрлі түрде Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына қонды. Зардап шеккендер жоқ, ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.

Серіктес жаңалықтары