$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2021, 08:54
Оқиғалар

БҚО-да өзен арнасы тасып, жолды су басып қалды

Өзен маңындағы елдімекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ

БҚО-да өзен арнасы тасып, жолды су басып қалды
Фото: ural56.ru

Батыс Қазақстан облысында өзен суының деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 8 ақпан күні кешкі сағат 19:00 шамасында Бәйтерек ауданы Рубежин ауылының шетінде болған. 

«Аөпанның 3-і мен 6-сына дейін жаңбыр мен қар үздіксіз жауғандықтан, Рубежка өзенінің деңгейі көтерілді. Соның салдарынан уақытша айналма автожолды (ені 6 метр, ұзындығы 30 метр) су шайып кетті. Негізгі көпір өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрделі жөнделіп жатқандықтан (қосалқы мердігер – «Ануш» ЖШС), айналма жол салынған болатын. Дегенмен автокөлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта өзен арнасы қалпына түсуде, өзен маңындағы елдімекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Оқиға орнына департамент басшылығы барды.  

Серіктес жаңалықтары