ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысында жоғалған жас қыз Алматыдағы қонақүйден табылды

16 жасар қыз дүкенге барып келемін деп үйден шығып, содан оралмаған

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жасар қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 16:30 шамасында өзінің 16 жасар қызы дүкенге барып келемін деп үйден шығып, содан оралмаған.

«Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, бір тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласынан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды», - делінген хабарламада.

Кейіннен белгілі болғандай, жасөспірім қыз жұмыс істеп, ақша таппақ болған. Осылай ата-анасына көмек беруді ойлап, Алматы қаласының қонақүйлерінің біріне тұрақтаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.