08.02.2021, 05:35
Оқиғалар
Үндістанда су тасқынынан 150-ге жуық адам жоғалып кетті
Олар көз жұмған болуы мүмкін
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында мұздықтар еріп жатыр. Табиғат апатынан 150-ге жуық адам ізім-ғайып жоғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ірі көлемді мұздықтар таудағы өзен бойымен төмен қарай жылжып барады. Салдарынан өзен суы арнасынан асып, аймақта су тасқыны басталды. Апаттан су электр станциясындағы бөгет те қирап қалған. Жергілікті билік үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтты. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аймаққа әскерилер мен өзге де мамандар тартылып жатыр. Қауіпті жерлерден тұрғындар эвакуациялана бастады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді