Павлодар облысында көлік апатынан екі бала зардап шекті
Павлодарда көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Павлодар облысында көлік апатынан екі бала зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Павлодарда және екіншісі Екібастұзда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодарда Павлов көшесінде көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«1984 жылы туған әйел жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң иық пен білектің соғылуы диагнозымен 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 2012 жылы туған қыз жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Бұдан бөлек Екібастұзда тағы бір бала зардап шекті. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам - 1964 және 1989 жылы туған екі ересек адам және жеті жасар бала жарақат алды. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.