$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2021, 17:43
Оқиғалар

Ақмола облысында 800-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды

Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалаларына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды

 

Ақмола облысында 800-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды

2021 жылғы 7 ақпанда таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдалар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кептелісте тұрып қалған автокөліктер жолдың ашылуын күткен.

«Сағат 13.15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын автокөлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты. Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жол бастауымен Нұр-Сұлтан қаласына шықты. Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалаларына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды.  Қазіргі уақытта Қостанай облысының автожолында автомашина кептелісі жоқ», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдар жабылған болатын.

Төтеншеліктер азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Сондай-ақ дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.

Серіктес жаңалықтары