ШҚО-да екі жыл бойы мемлекетті алдаған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты
Олар сотталушы және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің атын жамылған

Шығыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ сотталушы және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің атын жамылып, екі жыл бойы мемлекетті алдаған. Сондай-ақ жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агентттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері 2018-2020 жылдары сотталған және әлеуметтік жағынан осал топтағы адам ретінде тіркеліп, тоғыз кәсіпорын құрған. Фирманың «жалған» иелеріне сыйақы төлеп, басқарып отырған.
«Салықтан жалтару үшін шот-фактуралар жазған. Кәсіпорындар ұйымдасқан қылмыстық топтың бақылауында болып, олар контрагенттерді салықты төлеуден босату мақсатымен жалған есепшоттарды жазып берумен айналысқан. Кәсіпорындардың тіркелген орны мен фигуранттардың мекен-жайына тінту жүргізу барысында жалған кәсіпорындардың бухгалтерлік құжаттары, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, 9 миллион теңге ақша алынды», - деп хабарланды.
Сот үкімімен қылмыстық топтың мүшелері Қылмыстық кодекстің 262-ші (ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйымды құру) және 216-баптары (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге – 3 жылдан 7 жылға дейін түрмеге қамалды.