$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2021, 15:16
Оқиғалар

Павлодарда өрт кезінде анасы мен қызы зардап шекті

Өртенген үйдің тұрғындары ауруханаға жатқызылды

Павлодарда өрт кезінде анасы мен қызы зардап шекті

Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам және 4 техника, апаттар медицинасы орталығы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«7 ақпанда 9 сағат 19 минутта «Ертіс» бағбаншылығында Лимонная көшесі, 7 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі кірпіш үйдің жалпы алаңы 45 шаршы метрін өрт шарпып, шатырдың ағаш құрылымдары, жиһаз бен үй заттары жанған.  Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршісі үйдің иесін, 1934 жылы туған әйелді құтқарған. Өрт кезінде 1963 жылы туған қызы қарт анасын үйдің табалдырығына дейін сүреп әкелген», - дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасының офицері Сабыржан Тастембеков.

Апаттар медицинасы орталығының бригадасы өрттен зардап шеккен тұрғынды Павлодар қалалық №3 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізді. Қарт науқас ауыр дәрежедегі улану диагнозымен жатқызылды, оның жағдайы ауыр. 

Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасы үй иесінің қызын Павлодар қалалық №1 ауруханасының терапия бөлімшесіне жатқызды. Ол үйден өзі шыққан. Оған орташа дәрежелі жану өнімдерімен улану диагнозы қойылды, жағдайы қанағаттанарлық. 

Өрт 9 сағат 56 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Серіктес жаңалықтары