ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Теміртауда интернет-алаяқтықпен айналысқан бойжеткен ұсталды

Ол үй жануарын сатып алмақ болған әйелді алдап соққан

 

Қарағандылық полицейлер тағы бір интернет-алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Жәбірленуші әйел адам өзіне мысық сатып алмақшы болған. Осы мақсатта әлеуметтік желіге кіріп, интернеттің көмегімен «Үй жануарын сатамын» деген жарнамаларды іздеп тапқан.

«Ол жарнама иесімен желі арқылы хабарласып, мысықтың бағасына келіскеннен кейін сатушының есепшотына 60 мың теңге ақша аударған, алайда уәде етілген уақытта мысық жеткізілмегендіктен, алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген әйел дереу полицияға жүгінген», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

4 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған бойжеткен қылмысын мойындады.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.